10.10.2025
03:12
579
Гастроэнтеролог бауырға пайдалы 12 өнімді атады

Гастроэнтеролог бауырға пайдалы 12 өнімді атады

Бауырдың дұрыс әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін ағзаға зиянды токсиндерді бейтараптандырып, майды шығарып, жасушаларды қорғайтын тағамдар қажет. Бұл туралы гастроэнтеролог Сергей Вялов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Маман өзінің Telegram-арнасында бауыр саулығын сақтау үшін күнделікті рационда болуы тиіс тағамдарды атады.

Ең алдымен дәрігер күн сайын алма жеуді ұсынады, себебі ол ішек арқылы ағзадан токсиндердің шығуына көмектеседі. Сондай-ақ бауырдың ферменттер түзуін белсендіретін сарымсақ та аса пайдалы екенін атап өтті.

Бауырды қорғайтын басқа да пайдалы тағамдардың қатарына брокколи, қырыққабат, кофе, авокадо, лосось, скумбрия және лимон жатады.

Осы тағамдарға аздап зәйтүн майын, көк шөп пен грек жаңғағын қоссаңыз, бауыр үшін мінсіз ас мәзірін аласыз, - дейді Вялов.