"Ғарышкер". Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазы сыйлады

6 Қараша 2023, 00:00 2578

Президент әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшік сыйлады. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Достар, танысып қойыңыздар, бұл - менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші жаңа досына ерекше ат қойғанын атап өтті.

Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді.
Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. «Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы - «шапшаң», «епті». Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазының атын “Ғарышкер” деп атадық, - деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: