«Ғарышкер болғым келді»: Жаслан Мәдиев Тоқтар Әубәкіровті ғарышқа алғашқы ұшқан күнімен құттықтады

2 Қазан, 18:05 405

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Тоқтар Әубәкіровті ғарышқа алғашқы ұшқан күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы бірінші ғарышкерге ғарыш саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, бақытты ұзақ өмір тіледі.

Бүкіл ведомство атынан сізді еліміз үшін тарихи маңызды күнмен құттықтаймын. Сіз аңыз адамсыз. Сіз біздің басқа ғарышкерлерге де үлгі болдыңыз. Сіздің зерттеулеріңіз бен сынақтарыңыз оқу орындарында зерттеуде ғылыми мұраға айналды. Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, сәттілік пен табыс, береке мен бірлік тілеймін! Әрқашан халқымыздың ыстық ықыласы мен ерекше құрметіне бөленіп, жастарға үлгі болып жүре беріңіз! Осындай тарихи күн үшін рақмет! - деді Жаслан Мәдиев.

Сондай-ақ министр құрметті ғарышкермен кездесулерінің жеке тәжірибесін бөлісіп, өзі туралы қызықты фактіні айтып берді:

Бала кезімізде Тоқтар Әубәкіров екеуміз бір аулада тұрдық. Достарымызбен футбол ойнап жатқанда, оны алыстан көріп, ұлттық қаһарманмен сәлемдесуге жүгіретін едік. Ата-анамның үйіне келіп, мен әрқашан Тоқтар Әубәкіров сияқты ғарышкер болғым келетінін айтатынмын. Министрлікке келгеннен кейін мен ғарыш саласына аттандым және сол арманым орындалды деп айтуға болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: