Ғылым және жоғары білім министрлігі Гарвардты шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айыру туралы шешімге пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвардта 7 адам білім алуда. Басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет бізде жоқ. Мұндай жағдайлар бойынша тиісті сұраулар жолданады, − деп жазды министрліктің ресми өкілі Олжас Беркінбаев Facebook желісінде.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға ресми түрде тыйым салды. Қазіргі таңда Гарвард университетінде 140 елден келген 7000-ға жуық шетелдік студент оқып жатыр. Бұл оқу орнының жалпы студенттер санының төрттен бірін құрайды. Жаңа шешімге сәйкес, олар басқа университетке ауыспаса, АҚШ аумағында қалу құқығынан айырылады.