Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үшінші орын үшін өткен матчта отандастарымыз Иран құрамасымен кездесті.
Қазақстандықтар 28:22 есебімен жеңіске жетті.
Ал финалда Жапония құрамасы Оңтүстік Кореяны 25:24 есебімен жеңіп, чемпион атанды.