Галышева Бейжіңдегі Олимпиада ойындарын аяқтады

6 Ақпан 2022, 19:02 1465

Бейжің Олимпиадасында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы екінші финал аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған сынға Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева да қатысқан. Өкінішке қарай, ол жарыс жолында қате жіберіп, қорытынды есепте негізгі финалдан тыс қалды. 

Ол 49,74 ұпаймен биылғы Олимпиада ойындарында 11-ші орын алды.  

Айта кетелік, бүгін әлем үздіктерінің бірқатары жарыс жолында құлап қалды. 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, 2018 жылғы Пхенчхан ойындарының күміс жүлдегері Жюстин Дюфур-Лапуант та Бейжің додасын жүлдесіз аяқтады. 

Айта кетелік, 2018 жылғы қысқы ойындарда Юлия Галышева қола жүлдегер атанған болатын. 

baq.kz

Бөлісу: