Ғалымдар төтенше жағдайларды болжау туралы ғылыми жобаларды ұсынды

7 Шілде, 06:43 632

Торайғыров университетінде оқу орнының ғалымдары төтенше жағдайларды болжауға және алдын алуға бағытталған ғылыми әзірлемелерін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар су басудың алдын алуға, гидрологиялық мониторингтің автоматты жүйесін әзірлеуге, жасанды интеллектіні қолдана отырып, өрт пен су тасқынына ден қоюдың геоақпараттық жүйесін құруға, пилотсыз технологияны (түтін, өрт) пайдалана отырып, қоршаған ортаны мониторинг жүйесін жобалауға бағытталған 20-ға жуық жобаны таныстырды.

Ғалымдар прогреске қолын созып қана қоймай, адамзаттың қауіпсіздігін де қорғауда. «Мықты ЖОО – мықты өңір» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар бар. Университет ғалымдарының идеялары мен әзірлемелері Павлодар облысында өз қолданысын табады деп үміттенемін. Осы бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Университет ректорының айтуынша, бұл жобалар жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар қызметінің және құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдете алады. Өйткені орман алқаптары мен ауыл шаруашылығы алқаптарына бай Павлодар облысында жыл сайын өрттің қаупі жоғары.

Зарина Арман
Бөлісу: