22.07.2025
14:04
1007
Ғалымдар рактың барлық түріне әмбебап вакцина ойлап тапты

Ғалымдар рактың барлық түріне әмбебап вакцина ойлап тапты

Флорида университетінің ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы әмбебап вакцина әзірледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл вакцина иммундық жүйедегі кез келген қатерлі ісік жасушаларын анықтап, жоюға үйретеді. Зерттеушілердің айтуынша, препарат нақты бір ісік түріне бағытталмағанымен, ағзаның жалпы онкологиялық ауруларға қарсы күресу қабілетін айтарлықтай күшейтеді.

Жаңа вакцинаны иммундық жүйенің жұмысын күшейтетін кең таралған қатерлі ісікке қарсы дәрілермен (иммундық бақылау нүктелерінің ингибиторлары) бірге қолданған кезде, ағзада күшті ісікке қарсы иммундық жауап байқалған. Бұл нәтижелер зерттеудің болашағы зор екенін көрсетеді.

Жобаға АҚШ-тың бірнеше федералды мекемелері мен қорлары, соның ішінде Ұлттық денсаулық сақтау институттары (NIH) қолдау көрсеткен.

Қазіргі уақытта зерттеу тобы вакцина формуласын жетілдіру үстінде және алдағы уақытта оны клиникалық сынақтар кезеңіне өткізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін қатерлі ісік тудыруы мүмкін дәрумендер туралы жазған едік.