14.07.2025
09:53
2794
Ғалымдар ЭКО әдісінің қандай жағдайларда тиімсіз болатынын түсіндірді

Ғалымдар ЭКО әдісінің қандай жағдайларда тиімсіз болатынын түсіндірді

ЭКО (экстракорпоральды ұрықтандыру) әдісінің сәтті болу ықтималдығы әйелдің жасы ұлғайған сайын төмендейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы  «Газета.Ru» басылымына Ломоносов атындағы ММУ биология факультетінің эмбриология кафедрасының аға ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты, Еуропалық медициналық орталықтың эмбриологы Илья Володяев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 35 жастан кейін әйел ағзасындағы сапалы және ұрықтандыруға жарамды аналық жасушалардың саны азаяды. Сонымен қатар, хромосомалық ауытқулар мен түсік тастау қаупі артады.

ЭКО кезінде аналық жасуша мен сперматозоидтың ұрықтануы әйелдің ағзасынан тыс, зертханалық жағдайда жүргізіледі. Бұл әдіс табиғи жолмен бала сүю мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады. Мысалы, әйелде жатыр түтікшелері болмаған кезде немесе ер адамда белсенді сперматозоидтар жеткіліксіз болғанда.

Осындай жетістіктер ЭКО кез келген жаста көмектеседі деген елес туғызады. Бірақ шынайы өмірде ЭКО биологиялық шектеулерді жоя алмайды. Әйелдің жасы ұлғайған сайын аналық жасушалардың саны мен сапасы төмендеп, хромосомалық ақаулардың пайда болу қаупі өседі, — дейді Илья Володяев.

Оның айтуынша, әр жыл сайын 35 жастан кейін дені сау хромосомалар жиынтығымен эмбрион алу мүмкіндігі шамамен 6%-ға кемиді. Ал 45 жасқа келгенде бұл мүмкіндік бар-жоғы 10% ғана құрайды. Сонымен бірге, толыққанды эмбрион алу үшін аналық жасуша пісіп, ұрықтандырылып, жатыр қуысына ауыстыруға дейін жетуі қажет. Бұл процестің де сәттілік ықтималдығы заманауи технологияларды қолданған күннің өзінде әрдайым жоғары емес.

Эмбриолог түсіндіргендей, ЭКО кезінде дәрігерлер аналық жасушаларды «жасарту», генетикалық ақауларды түзету немесе ағзада жоқ сперматозоидтарды жасау мүмкіндігіне ие бола алмайды.

Сол себепті, белгілі бір жастан асқаннан кейін ЭКО арқылы жүкті болу көбіне донорлық аналық жасушаларды немесе алдын ала мұздатып сақталған өз аналық жасушаларын қолдану арқылы ғана мүмкін болады.