Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты (ҒЗИ) жанындағы күн астрономиясы зертханасының жетекшісі Сергей Богачев РИА Новостиге берген сұхбатында Күннің жаңа белсенділік кезеңіне өтуі ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның сөзінше, қыркүйек айындағы F10.7 күн циклінің индексін өлшеу нәтижелері таңғаларлық көрсеткіштерді тіркеген.
Орташа айлық мәні едәуір әрі күтпеген деңгейде өсіп, 201 бірлікке жетті, – деді ғалым.
Богачевтің айтуынша, бұл көрсеткіш 2014 жылы тіркелген 24-циклдің шегінен асып түсті. Ол кезде максимум 170 бірлік болған.
Сонымен қатар ол қазіргі мән өткен жылдың тамызында 245 бірлікке жеткен ағымдағы циклдің шыңынан небәрі 18%-ға ғана төмен екенін атап өтті.