Галина Дуванова күміс жүлдені қанағат тұтты

6 Қазан 2023, 14:11 809

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында  джиу-джитсудан күміс медаль қоржынға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

57 келі салмақта әлем чемпионатының үш мәрте қола жүлдегері Галина Дуванова финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен жол берді. Сөйтіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Бұған дейін отандасымыз жартылай финалда әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Орапа Сенатамның (Таиланд) осал тұсын тапты. Галина іріктеу кезеңінде Вуонг Мин Нгуен (Вьетнам) мен Удвал Цогхууды (Моңғолия) жеңген.

24 жастағы отандасымыз бұған дейін 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында  тоғызыншы орын алып, жүлдесіз қайтқан еді.

Кеше 69 келі салмақтағы Нұржан Батырбеков 69 келі салмақта топ жарған болатын.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Алмас Абылай
Бөлісу: