29.03.2024
09:37
1489
«Ғалам аруы» байқауына алғаш рет Сауд Арабиясының өкілі қатысады

«Ғалам аруы» байқауына алғаш рет Сауд Арабиясының өкілі қатысады

«Ғалам аруы 2024» байқауына биыл бірінші рет Сауд Арабиясының өкілі қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Корольдік атынан 27 жастағы сәнбике әрі блогер Руми әл-Кахтани бақ сынайды.

Бұл туралы бойжеткеннің өзі Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Мен үшін «Ғалам аруы 2024» байқауына қатысу үлкен абырой, - деп жазды әл-Кахтани.

Әл-Кахтани бұған дейін корольдіктің атынан «Таяу Шығыс аруы», «Ғаламшар аруы» байқауларына қатысқан.