29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылы өтетін "Үлкен жиырмалық" (G20) саммиті Майами маңындағы өзіне тиесілі Trump National Doral курортында ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл саммитке ең қолайлы орын. Менің отбасым одан ешқандай пайда таппайды, – деді Трамп Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде "Үлкен жетілік" (G7) саммитін дәл осы нысанда өткізбек болған еді. Алайда екі партияның да сынға алуынан кейін ол ойынан айныған. Сол кезде қарсыластары бұл шешім АҚШ Конституциясына қайшы болуы мүмкін екенін, яғни президенттің Конгресс келісімінсіз шетелдік үкіметтерден қаржылық пайда көруіне тыйым салынғанын алға тартқан.
Трамптың бизнесіне қатысты этикалық мәселелер биыл да қайта қызу талқылануда. Бұған дейін Пентагонның Катардан президентке арналған сәнді ұшақты сыйға алғаны да қоғамда резонанс туғызған еді.
Майами мэрі Фрэнсис Суарес саммитті осы қалада өткізу бастамасын қолдап, оның шағын және орта бизнеске қомақты табыс әкелетінін атап өтті.
Бұл – миллиондаған, миллиондаған доллар пайда, – деп қосты Трамптың өзі де.
Саммит 2026 жылдың желтоқсанында өтеді деп жоспарланып отыр. Оған 19 мемлекет, Еуропалық одақ, Африка одағы және бірнеше мемлекет-наблюдатель қатысады. Трамп арнайы шақырылған елдердің қатарында жуырда Вашингтонға сапарлаған Польша президенті Кароль Навроцкиді атады.
Ал 2025 жылғы G20 саммитін Оңтүстік Африка қабылдайды. Алайда Трамп ол жиынға бармайтынын, АҚШ-ты вице-президент Джей Ди Вэнс таныстыратынын мәлімдеді.
Айта кетейік, АҚШ-та соңғы рет G20 саммиті 2009 жылы Питтсбургте өткен болатын.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек