09.07.2022
09:26
2597
Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

Футзалдан қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Алматылық «Қайрат» А тобына түсті. Қарсыластары - франциялық «Спортинг», бельгиялық «Андерлехт» және испаниялық «Мальорка». Қазақстандық команда аталған турнирге 19-мәрте қатысады.

Ел біріншілігінің күміс жүлдегері - рудныйлық «Аят» В тобында хорватиялық «Ново Время» және «Пула», португалиялық «Спортингпен» кездеседі. Әрбір топтан үздік үштікке енген командалар жарыстың элиталық сатысына жолдама алады.