Футзалдан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді

21 Қыркүйек, 19:22 646

Футзалдан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны ойсырата жеңді. Есеп - 10:0, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар қарсылас командаға гол салуға еш мүмкіндік бермеді. 

Гол салғандар: 

8’ Ринат Төреғазин (1:0)
12’ Ақжол Дәрібай(2:0)
15’ Кнауб (3:0)
16’ Арнольд Кнауб (4:0)
21’ Арнольд Кнауб (5:0)
21’ Лео Жарагуа(6:0)
22’ Арнольд Кнауб (7:0)
30’ Лео Жарагуа(8:0)
31’ Автогол (9:0)
36’ Арнольд Кнауб (10:0)

Айта кетейік, енді Қазақстан 1/8 финалда С тобының жеңімпазымен жолығады. Ұлттық құрамамыздың қарсыласы Португалия немесе Морокко болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: