Алаң иелері Черногория құрамасын толық құраммен қарсы алған жоқ. Ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака жастарды сынап көріп, қызу додаға салды.
Жастар да бапкерін жер қаратпады, қарсыластарын 7:0 есебімен ұтып, керісінше мәртебесін бір асырды.
Қазақстан құрамасы сапынан Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4-ші), Арнольд Кнауб (15-ші), Альберт Ақбалықов (21-ші), Біржан Оразов (25-ші, 25-ші) және Азат Валиуллин (40-шы) гол соқты.
Осылайша бұл ойында Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің 5-тобындағы көшбасшылығын нығайтты. Сонымен бірге қазақстандықтар 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеудің келесі кезеңіне жолдама алды.