15.09.2024
19:22
1218
Футзалдан Қазақстан командасы Испаниямен тең түсті

Футзалдан Қазақстан командасы Испаниямен тең түсті

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында Испаниямен тең түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы D тобында Испаниямен кездесті.  Есеп - 1:1.

Қазақстан командасы келесі турда үш күннен кейін Ливия құрамасына қарсы ойнайды. Матч 18 қыркүйекте сағат 17:30 басталады. Кездесу Әндіжан әмбебап спорт кешенінде өтеді.