19.09.2022
13:27
1713
Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін және ертең Әзербайжанмен екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды El.kz. 

Ойындар 19-20 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Екі кездесу де Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтпек. Бұл футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеуге дайындық есебінде ұйымдастырылып отыр.
Аталған кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстандық футзалшылар аталған турнирдің негізгі сатысындағы іріктеу кезеңінде бесінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Словения және Черногория. Іріктеу кезеңі 2022 жылдың 8 қазанында басталып, 2023 жылдың 8 наурызында аяқталады.
Жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылар тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Игита, Нарун Сериков (екеуі де - «Қайраттан»), Акжол Қайратұлы («Каспий»).
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон (барлығы - «Қайраттан»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, Жахангир Рашит (барлығы - «Каспийден»), Азат Валиуллин, Абдирасул Әбдуманапұлы (екеуі - «Аяттан»), Евгений Кошкин («Астана»).
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан кубогының иегері анықталды.