Футболшы төрешіні соққыға жығып, сонан соң өз-өзін атып тастады

19 Шілде 2023, 18:20 1548

Аргентинада әуесқой футболшы адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған соң өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Уильямс Александр Тапон ойын кезінде төрешіні соққыға жығып, салдарынан ол есінен танып қалған. Төреші тез арада ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз:

Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, 24 жастағы спортшыға қасақана адам өлтіруге оқталды деген айып тағылды. Бұл қылмыс үшін 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқиғадан соң араға бірнеше күн салып Тапонның денесі Буэнос-Айрес маңындағы үйінен табылды. Әйелінің сөзіне қарағанда, ол басына оқ атып көз жұмған. 

Футболшының артында екі баласы қалды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: