21.05.2024
03:31
1894
Футболдан Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамасының Армения және Әзербайжан құрамаларымен жолдастық кездесуіне қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinfom-ға сілтеме жасап. 

Ел құрамасы 7 маусымда Армения, 11 маусымда Әзербайжан құрамаларымен шеберлік байқасады. 

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы - «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (барлығы - «Тобыл»), Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (барлығы - «Ақтөбе»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі - «Ордабасы»), Әділхан Добай («Жетісу»), Михаил Габышев («Елімай»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы - «Ордабасы»), Максим Самородов, Рамазан Оразов, Арман Кеңесов (барлығы -«Ақтөбе»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Куат (екеуі - «Астана»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Эльхан Астанов (барлығы - «Астана»), Иван Свиридов («Елімай»), Абат Аймбетов («Адана Демирспор», Түркия).

Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.