Футболдан Қазақстан кубогы: «Ордабасы» финалға өтті

7 Шілде 2023, 08:19 1500

Шымкенттің «Ордабасы» клубы футболдан Қазақстан кубогының финалына берілген алғашқы жолдамаға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттік клуб жартылай финалда өз алаңында елордалық «Астана» командасымен шеберлік байқасты.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Астана» 1:0 есебімен басым түсті.

Ойында «Ордабасы» сапынан Шахбоз Умаров 53-минутта мергендік танытты.

Нәтижесінде екі кездесудің қорытындысы бойынша таразы басы теңесіп, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймның 105-минутында Темірлан Ерланов есепті үстемелей түсті.

Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Енді 8 шілдеде «Атырау» мен «Тобыл» (Қостанай) командалары шеберлік байқасады.

Алғашқы ойында қостанайлық клуб аталған қарсыласын 1:0 есебімен жеңген еді.

Берік Арманов
Бөлісу: