Футболдан Германия өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Португалия құрамасы ширек финалда Францияға пенальти сериясында есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еуропа чемпионатының ширек финалдық сынында Франция ойыншылары пенальтиде Португалиядан 5:4 есебімен алға шықты.
Қос таймда да есеп ашылмай, Португалия футболшылары үздіксіз шабуылдаумен болды. Алайда бұл жағдай овертаймда да қайталанып, Роналду командасын алға шығара алмады.
Пенальти сериясында Португалия ойыншысы Жоау Феликс тепкен доп бағана тиіп командасын үйге қайтарды. Ал шешуші пенальтиді тепкен Тео Эрнандес мүлт кеткен жоқ.
Бұған дейін Испания құрамасы ширек финалда Германияның овертаймда 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Енді Франция құрамасы жартылай финалда Испанияға қарсы ойын өткізеді.