05.11.2023
15:27
1128
Футболдан еурокубок ойындарына қатысатын Қазақстан клубтары белгілі болды

Футболдан еурокубок ойындарына қатысатын Қазақстан клубтары белгілі болды

Келесі жылғы маусымда футболдан Қазақстанның намысын еурокубокте қорғайтын командалар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкенттік "Ордабасы" клубы Еуропа чемпиондар лигасының 1 іріктеу кезеңінен өз ойындарын өткізуді бастайды. Ал қостанайлық "Тобыл" Еуропа лигасының 1 іріктеу кезеңінде алғашқы матчтарға қатысады. "Астана" Конференция лигасының 2 іріктеу кезеңіне жолда алып отыр. "Ақтөбе" конференция Лигасының 1 іріктеу кезеңінен бастап өз мүмкіндігін сынамақ. 

ҚПЛ осы маусымы қорытындысы бойынша 4-орын алған “Қайрат” екінші жыл қатарынан еурокубоктен тыс қалып отыр.