03.11.2022
17:19
2090
Футболдан әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі

Футболдан әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі

 Қатарда 20 қарашадан 18 желтоқсанға дейін футболдан өтетін әлем чемпионатын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы olympic.kz сайты жариялады.

Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайттары да тікелей көрсетілім таратады, сондай-ақ «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы да көруге болады.

Айта кетсек, XXII әлем біріншілігі Қатардың 5 қаласының 8 стадионында өтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, FIFA Қатарда өтетін әлем чемпионатының ашылуын 20 қарашаға жылжытқан болатын. Қабылдаушы ел Қатар Эквадормен жексенбі, 20 қараша күні сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00) кездеседі.