19.08.2024
12:02
1584
Футбол стадионында 11 жасар баланы өлтіріп кетті

Футбол стадионында 11 жасар баланы өлтіріп кетті

Испанияның футбол ареналарының бірінде белгісіз ер адам 11 жасар баланы өлтіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бала оқиға орнында көз жұмды. Marca таратқан ақпарат бойынша, оқиға Толедо провинциясында орналасқан Мосехон қаласындағы спорт орталығының футбол алаңында болды. Басын бүркемелеген белгісіз адам алаңның шетінде тұрған баланы себепсіз пышақтаған. Ер адамның бұл әрекетінен кейін, алаңдағы өзге адамдар қашып кеткен.. Жарақат алған бала оқиға орнында қайтыс болды,

Полиция күдіктіні іздеп жатыр.