Футбол: «Қайрат» «Пахтакордан» жеңіліп қалды

19 Шілде 2023, 22:27 886

Алматы қаласында футболдан қазақстандық «Қайрат» пен Өзбекстанның «Пахтакор» командасы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Командалар арасындағы ойын тартысты өтті. Бапкерлер жасыл алаңға негізгі құрам футболшыларымен бірге, жастарды да шығарды.

Ойынның бірінші кезеңінде қарсыластар бір-бірінің қақпасына жиі шабуылдады. Соған қарамастан, таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де ойын қарқыны дәл осылайша өрбіді. Кездесудің соңғы минуттарында өзбекстандық клуб жеңіс голын соғып кетті.

Осылайша, «Қайрат» қарсыласынан 0:1 есебімен ұтылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: