Футбол: «Каспий» мен «Ақтөбе» тең түсті

31 Шілде 2023, 03:34 646

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған турдың екінші ойын күнінде «Атырау» өз алаңында Талдықорған облысының «Жетісу» командасына 0:1 есебімен жол берді.

Ал Ақтаудың «Каспийі» мен «Ақтөбе» 2:2 есебімен тең түсті.

29 шілдеде «Ақсу» «Шахтерді» 2:1 есебімен тізе бүктірсе, елордалық «Астана» Петропавлда «Қызылжардан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы)  ойыны 0:0 есебімен аяқталды.

Берік Арманов
Бөлісу: