Футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті

8 Қараша, 15:37 416

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Бұл туралы Meta-rating.kz сайтына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Естеріңізде болса, 2022 жылғы ақпан айынан бері еліміздің футбол федерациясының тізгінін Барменқұлов ұстады. Сол кезде ол сайлауға түскен бес үміткердің арасында ең көп дауыс жинаған болатын. 

Соңғы кездері Қазақстан футболындағы төрешілер дауы, жемқорлық мәселесі жиі көтеріліп жүр. Күні кеше Мәжіліс пен Сенат депутаттары да Қазақстан футбол федерациясын жұмысын сынға алған еді.

Сенатор Дархан Қыдырәлінің айтуынша, федерацияның жылдық бюджеті 10 миллиард теңгені құрайды екен. Бірақ ашықтық жоқ. Қайда жұмсалып жатқаны түсініксіз көрінеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: