Фристайл-могулдың нәтижесін қабылдау қиын болды – ҰОК бас хатшысы

7 Ақпан 2022, 17:23 1409

Бұл туралы Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков  Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты. 

Біз Бейжіңнің Олимпиада қалашығынан қосылып отырмыз. Біз жаңа ғана конькимен жарысу сайысынан келдік. Қазақстан атынан сынға түскен Екатерина Айдова мен Надежда Морозова  1500 қашықтыққа конькимен  жарысты. Өздеріңіз білетіндей, фристайл могулдан команда өнер көрсетті. Кешегі нәтижелерді қабылдау қиын болды. Бірақ оны қабылдадық. Себебі спортшылар өнер көрсетіп болды, - деді Крюков. 

Ол атап өткендей, спортшы қыздар 11,21,22,28 орындарға жайғасты. 

Ерлер арасынан 8 орын мен 11 орыннан көріндік. Спортшылардан да әсерін сұрауға болады. Кеше шорт-трек бойынша команда өнер көрсетті. Олар 5-ші орынға ие болды. Бұл жақсы көрсеткіш болып есептеледі. Біздің спортшылар осы нәтижені қайталағанына қуаныштымыз. Себебі бұл спорттың түрі өте қиын. Олар көп дайындықтан өтті. Сонықтан да барша қазақстандықты құттықтаймын. Қалған спортшылардың сынақтары барлығы жоспар бойынша орындалып жатыр, - деді ол. 

baq.kz

Бөлісу: