25.01.2025
05:22
1618
Фристайл-могулдан Әлем кубогына алты қазақстандық қатысады

Фристайл-могулдан Әлем кубогына алты қазақстандық қатысады

24-25 қаңтар аралығында АҚШ-тың Уотервилл қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасының атынан алты спортшы жарысқа қатысады.

Медальдар мен рейтингтік ұпайлар үшін Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Павел Колмаков, Антон Бондарев және Фёдор Бугаков жарысады.