29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБір топ француз саяхатшылары күні кеше өткен «Бозжыра» визит-орталығының алғашқы іргетасын қалау рәсіміне куә болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау меймандары өңірдің көрікті табиғатын тамашалауға келетін туристерге қолайлы жағдай жасалып жатқанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, бастамаға сәттілік тілеген.
Туристердің арасындағы француз велосаяхатшысы, кинорежиссер Седрик Тассан бұған дейін Орталық Азия елдерінде – Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанда бірнеше мәрте болғанын атап өтті. Оның айтуынша, үш жыл бұрын ол Маңғыстау даласын жалғыз өзі велосипедпен жүріп өткен. Сол сапардан алған ерекше әсерін өз отандастарымен бөлісу үшін, бір топ жерлесін Маңғыстауға бастап келгенін айтты.
Өңірге алғаш рет келген саяхаттаушылар Бозжыра шатқалының таңғажайып табиғатына, оның қайталанбас тұмса келбетіне ерекше таңданысын жеткізді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек