Францияда тұрғын үй құлады

Францияда тұрғын үй құлады

Францияның оңтүстігіндегі Тулуза орталығында сенбіге ауған түні үй құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

La Depeche мәліметінше, құтқарушылар үйінділер астынан адамдарды іздестіріп жатыр.

Оқиға Сен-Ром көшесінде болған. Құлаған төрт қабатты ғимарат дүйсенбі күні – ішкі қабырғасы құлағанда-ақ апатты деп танылған.

Сенбі күні құтқарушылар кинологтармен бірге үйінділердің астын тексеріп жатыр. Көрші үйде тұратын 26 тұрғын уақытша эвакуацияланды.