Францияда қанша қазақстандық тұрады

9 Ақпан 2023, 11:15 1007

Бұл туралы Сенат отырысында айтылды

Сенатор Советбек Медебаев Францияда қанша қазақстандық азамат тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінде және Страсбургтегі Бас консулдықта Қазақстан Республикасының 629 азаматы консулдық есепте тұр, оның 149-ы Францияда тұрақты тұруға құжаттарын ресімдеді. Ал Қазақстан Республикасында 532 Франция азаматы бар, оның 84-нің тұруға ықтиярхаты бар, 448-і уақытша есепте тұр", - деді Сенат депутаты Советбек Медебаев.

Сондай-ақ депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдады.

"Заңның негізгі мақсаты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты рәсімдерде барынша және өзара құқықтық көмек көрсету, екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттыру болып табылады. Заңның міндеті 2021 жылғы 28 қазанда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау", - делінген хабарламада.

Шарт Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасының құзыретті органдары арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері бойынша қатынастарды реттеуге бағытталған.

Шартта тергеу әрекеттерін жүргізу және өзара көмек көрсету үшін уақытша берілетін адамдардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық, хат-хабарларының құпиясы, процестік кепілдіктері көзделеді.Шартты іске асыру екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады.

EL.KZ
Бөлісу: