Францияда ер адам мектепке шабуылдап, бір адам көз жұмды

14 Қазан 2023, 00:14 2114

Францияның солтүстігіндегі Аррас қаласында ер адам мектепке пышақпен келіп, бірнеше адамды жарақаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

BFMTV мәліметінше, шабуылдан бір мұғалім қайтыс болған, тағы бірнеше адам жарақат алған.

Телеарна шабуыл ұйымдастырған адамның «Аллаху Акбар» деп айқайлағанын хабарлады.

Көп ұзамай оны полиция қолға түсірген.

Тілшілер оның бұрын осы мектепте оқығанын анықтаған.

Перизат Саденова
Бөлісу: