Францияда демалыс үйінде өрт шығып, 11 адам мерт болды

10 Тамыз 2023, 12:32 941

Эльзастағы Кольмар қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған демалыс үйінде болған өрттен 11 адам мерт болғанын мәлімдеді. Оқиға Францияның шығысындағы Винценхайм шағын қаласында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еuronews.com хабарлауынша, Франция премьер-министрі Элизабет Борн оқиға орнына барып, қаза тапқандардың, сонымен қатар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың отбасыларына үкіметтің қолдауын көрсететінін айтты.

Сондай-ақ ол өрттің қайдан шыққанын және ғимараттың қауіпсіздік талаптарына қаншалықты сай екенін анықтау үшін тергеу жалғасып жатқанын айтты.

Өрт кезінде 17 адам эвакуацияланды, біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ғимараттың жоғарғы жағы толығымен ағаштан жасалған. Өрттің тез тарауына осы жайт себеп болса керек.

Равиль Ашығали
Бөлісу: