09.10.2025
21:44
461
Франция поштасы круассан иісі бар марка шығарды

Франция поштасы круассан иісі бар марка шығарды

Францияның ұлттық пошта қызметі La Poste сары маймен пісірілген круассанның хош иісі бар пошта маркасын айналымға шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл ерекше марка Францияның Нан мен кондитерлік бұйымдар конфедерациясы 2019 жылдан бері өткізіп келе жатқан ең дәмді круассан байқауының аясында шығарылған.

Ұйым басшысы Доминик Анракттың айтуынша, «круассан – француз гастрономиясының символы».

Ароматталған марка халықаралық хат-хабарлар үшін қолданылады. Оны 2,1 еуроға сатып алуға болады.