Франция Дания құрамасын ұтып, плей-офф кезеңіне өтті

27 Қараша 2022, 01:00 888

Ойын 2:1 есебімен аяқталды

Франция Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Дания құрамасын ұтып, плей-офф кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды El.kz.

Кездесу 2:1 есебімен француздардың пайдасына аяқталды. Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе дубль жасап, командасына екі голды бір-ақ сыйлады. Ал даниялықтарға бір ұпайды Андреас Кристенсен әперді.  

Франция құрамасы екінші турдан кейін D тобында оқ бойы озық келеді. Осылайша, олар 6 ұпаймен лей-офф кезеңіне өтті. Ойын күнінің қорытындысы бойынша екінші топта Франциядан кейінгі орындарда 3 ұпаймен Австралия екінші, 1 ұпаймен Дания үшінші және 1 ұпаймен Тунис төртінші орында тұр.

EL.KZ
Бөлісу: