FlyArystan өкілі Астана әуежайында қалған қыздың анасымен кездесті

11 Тамыз, 19:03 1611

FlyArystan президентінің міндетін атқарушв Ричард Леджер Жазира Мусинамен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуекомпанияның басшысы бүгін 2024 жылғы 21 шілде күні KC 7367 рейсіне отырғызу кезінде Астана әуежайында қалған Зере Галиеваның анасы Жазира Мусинамен кездесіп, кешірім сұрау үшін Оралға ұшып келді. 

Ричард Леджер Зере Галиеваға, сондай-ақ оның әпкесі Зауре мен анасы Жазира ханымға 2024 жылдың соңына дейін FlyArystan әуекомпаниясымен Қазақстан бойынша тегін ұшуға мүмкіндік беретін сертификаттарды ұсынды.

Перизат Саденова
Бөлісу: