Кванттық құбылыстардың электр жүйелерінде қолданылатынын дәлелдеген ғалымдар марапатталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Калифорния және Йель университеттерінің ғалымдары 2025 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды. Олардың зерттеулері кванттық құбылыстарды нақты электр тізбелерінде қолдануға болатынын көрсетті.
Кім және не үшін марапатталды
Нобель комитеті сыйлықты Джон Кларк, Мишель Деворе және Джон Мартинис есімді ғалымдарға табыстады.
Джон Кларк – Берклидегі Калифорния университетінің профессоры, кванттық өлшеулер саласының пионері.
Мишель Деворе – Йель университетінің қолданбалы физика профессоры, жоғары өткізгіштік құбылысын зерттеумен айналысады.
Джон Мартинис – Калифорния университетінің физика профессоры, кванттық процессорларды жасаудағы жетекші маман, бұған дейін Google Quantum AI Lab зертханасында жұмыс істеген.
Ғалымдар «электр тізбектеріндегі макродеңгейдегі кванттық-механикалық туннельдеу мен энергияның квантталуын ашқаны үшін» марапатталды.
Олар әдетте микродүниеде байқалатын кванттық эффектілерді адам қолымен басқаруға болатын электр жүйелерінде де көрсетуге болатынын дәлелдеді.
Кванттық шекараларды кеңейткен тәжірибелер
Зерттеулер көрсеткендей, мұндай тізбектер бір күйден екіншісіне «қабырға арқылы өтетіндей» туннельдеу қабілетіне ие. Бұл құбылыс – кванттық физиканың ең ерекше және парадоксальді құбылыстарының бірі.
Нобель комитеті өз мәлімдемесінде былай деді:
Биылғы лауреаттар электр тізбегімен тәжірибе жасап, кванттық-механикалық туннельдеу мен энергия деңгейлерінің квантталуын алақанға сыйып кететіндей шағын жүйеде дәлелдеп көрсетті.
Кванттық технологияларға жол ашқан жаңалық
Бұл жаңалық кванттық физиканы нақты техника мен құрылғыларда қолдануға мүмкіндік береді.
Кларк, Деворе және Мартинистің жұмысы ғалымдарды кванттық схемалар жасауға, яғни 0 мен 1 күйін атомдық емес, құрылғылық деңгейде басқаруға жақындатты.
Мұндай тәсіл болашақта:
Ғалымдардың зерттеуі классикалық және кванттық әлемнің арасындағы шекара туралы түсінікті түбегейлі өзгертті.
Ал былтыр...
Еске салсақ, 2024 жылы физика саласындағы Нобель сыйлығы америкалық Джон Хопфилд пен канадалық Джеффри Хинтонға «жасанды нейрондық желілер арқылы машиналық оқытудың негізін қалағаны үшін» берілген еді.