Финляндия ресми түрде НАТО-ға қосылды

4 Сәуір 2023, 20:34 2250

Финляндия сыртқы істер министрі Пекка Хаависто елдің НАТО-ға кіруі туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финляндия президенті Саули Ниинистё Twitter-де Литва президенті Гитанас Науседаның құттықтауын жариялады.

Құжатқа қол қойғаннан кейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ортақ мәлімдеме жасады.

Столтенберг Финляндияның НАТО-ға қосылған күні ерекше екенін атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: