«Финалда өзімді көрсетемін». Нора Джеруто іріктеу кезеңін қорытындылады

4 Тамыз, 15:28 445

Жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасының финалына шыққан Нора Джеруто өзінің бүгінгі нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Сондықтан, финалда Қазақстан намысын қорғайтыныма өте қуаныштымын. Өзімнің жеке рекордымды орнатқаным да қуантады. Финалда мен өзімді көрсетемін әлі. Көп нәрсе күтемін, - деді Джеруто.

Жеңіл атлет Қазақстанға алғысын білдірді.

Менің Қазақстанға алғысым шексіз. Олимпиадаға тыңғылықты дайындалдым. Менің бір жасар балам бар. Бірақ маған декреттік демалыстан оралу қиын болған жоқ, себебі, мен үнемі өзімді бабымда ұстаймын. Іріктеу кезінде эфиопиялық және америкалық атлеттермен жарысу қиын болды. Оларды басып озу оңай емес. Бірақ финалда аянып қалмаймын, - деді Нора Джеруто.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: