Филиппинде теңіз дауылы салдарынан 72 адам мерт болды

30 Қазан 2022, 06:26 2389

Қаза болғандардың дені – 67 адам Филиппин оңтүстігіндегі Магинданао провинциясында тұрып жатқан

Бұл туралы Дүлей апаттар қаупін азайту және олардың салдарын жою жөніндегі ұлттық кеңестің ресми өкілі Рафаэлито Алехандроның сөзіне сілтеме жасап Синьхуа жазды, деп хабарлайды El.kz.

Филиппинде су тасқыны мен лай көшкініне алып келген «Налджи» теңіз дауылынан қаза болғандар саны 72-ге жетті. 

Қаза болғандардың дені – 67 адам Филиппин оңтүстігіндегі Магинданао провинциясында тұрып жатқан. 14 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Ішкі істер және жергілікті өзін-өзі басқару министрі Магинданао Нагиб Синаримбоның айтуынша, өңірдегі 9 қала су астында қалған. Ал Котабато қаласының көп бөлігін көп жылдан бері алғаш рет мол су басты.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ауылдардың бірінде лай көшкінінен кем дегенде 50 адам көз жұмды.

«Налджи» - Филиппинге биыл төнген 16-ыншы циклон.

EL.KZ
Бөлісу: