Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспасөз департаментінің басшысы Иван Нечаев фейк жаңалықтар Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасына сызат түсіруді көздейтінін айтты, деп хабаралайды El.kz.
«Соңғы кезде әлеуметтік желіде және БАҚ-та екі ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты ақпараттар көбейіп кетті. Оларды таратушылар екі ел арасына сызат түсіруді көздеуі әбден мүмкін. Көбі Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынас пен Қазақстандағы көпұлтты қоғамға көлеңке түсіруді мақсат етеді», - деп келтірді оның сөзін.Естеріңізге сала кетейік, жуықта әлеуметтік желіде Алматыда зорлық көрген екі балаға қатысты ұлтаралық алауыздық тудыратын жалған ақпарат тарады. Желідегі ақпаратта славян ұлтының балаларына қазақ балалары қорлық көрсетті деп келтірілген.