Ферроқорытпа зауытындағы апат: зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды

25 Шілде, 09:21 548

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы ферроқорытпа зауытының тағы екі жұмысшысы қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы екі жұмысшысының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер соңына дейін олардың өмірін сақтап қалу үшін күрескен. Қаза тапқандардың жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз, - деді өңірдің денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Айта кетейік, кеше кешкісін 1999 жылы туған жұмысшы қайтыс болды. Оның денесін 90 пайыз күйік шалған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: