Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы ауыр

21 Шілде, 15:17 623

YDDCorporation ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде жарақат алған алты адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарақат алған екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Қарағандыға Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарысов бастаған мамандар барды. 

Медициналық топтың құрамына тәжірибелі комбустиолог-реаниматологтар кірді. Елордалық мамандар жергілікті дәрігерлермен алғашқы кезде барлық қажетті медициналық көмектің көрсетілгенін атап өтті, - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Барлық жарақат алғандар профессор Макажанов атындағы көпсалалы ауруханада жатыр.

Зауыттағы төтенше жағдай өткен түнде болған. Полиция апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: