Әлем чемпионатының алғашқы тур матчтары өтті. Жанкүйерлер көптеген қызықты матчтың куәсі болды. Ал қазақстандық көрермен көрші Өзбекстан мен Колумбия арасындағы ойынды асыға күткені анық. Осы орайда өзбекстандық футболшылардың дебюті қалай өтті, алғашқы жеңілістен соң Каннаваро шәкірттері жинақы ойын өрнегін көрсете ала ма? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.