25.04.2024
04:29
1142
Фаина Мейірманова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фаина Мейірманова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Дубайда өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындаңы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Фаина Мейірманова биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшының көрсеткіші - 1 метр 76 сантиметр.  Сондай-ақ, ол өзінің жеке рекордын жаңартты. 

Еске сала кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі 24-27 сәуір аралығында өтуде. Құрлық додасына 30-дан аса елдің өкілдері жиналған. Аталған сында Қазақстан намысын жалпы есебі 42 спортшы қорғауда.