Евгений Кошкин Нидерландының Леуварден қаласында өткен беделді көрме турнирінде екі жыл қатарынан «Күміс шар» жүлдесін еншіледі.
100 метр қашықтықтағы финалда отандасымыз нидерландтық Стефан Вестенброек пен Матс Ван Ден Бостан озды.
Бәсекеге Олимпиада чемпионы Джордан Штольц (АҚШ) пен биылғы әлем чемпионы Еннинг Де Бо (Нидерланд) да қатысты. 2025 жылы Евгений Кошкин осы турнирді жеңген тұңғыш қазақстандық спортшы атанған еді.
Айта кетерлігі, отандасымыз өткен айда Милан-2026 Олимпиадасында 500 метр қашықтықта жүлдеге таласып, 9-орынға тұрақтаған.