23.09.2022
14:45
1630
Евгений Федоров велоспорттан әлем чемпионы атанды

Евгений Федоров велоспорттан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Евгений Федоров Вуллонгонгта (Австралия) велоспорттан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында тең келетін ешкім болмады.

Евгений Федоров 169,8 шақырымдық топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесті.

Матиас Вачек (Чехия) күміс медальді еншілесе, үздік үштікті норвегиялық Сорен Вереншельд түйіндеді.