06.06.2024
14:49
1116
Еуропадан елімізге үш керқұлан әкелінді

Еуропадан елімізге үш керқұлан әкелінді

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Еуропадан үш керқұлан Қазақстанға сәтті жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елшіліктің хабарлауынша, бұл Алтын Дала табиғатты қорғау бастамасының аясында жүзеге асырылып отыр.

Алдағы уақытта Чехия мен Германиядан осындай түз тағысының тағы қырыққа жуығын әкелу жоспарланған.

Бейімделу кезеңінен кейін оларды далаға жіберіледі.